Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Шымкентте қарақшы кісіні өлтіріп, үйін өртеп жіберген

2019 жылдың 8 тамыз 2019 12:54

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қарақшы жергілікті тұрғынды өлтіріп, тонағаннан кейін үйін өртеп жіберген. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 18 маусым күні болған. Шымкент қаласында өртенген үйдің ішінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған.

«29 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғынын өлтірген күдіктіні ұстады. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы сомасы 1 млн 100 мың теңге болатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп жіберген. Кейін қылмыс орнынан бой тасалаған», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, күдікті ұрланған ақшаға автокөлік сатып алған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-ыншы («Адам өлтіру»), 192-інші («Қарақшылық») және 202-баптарымен («Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 1 тамыз күні Шымкент қаласының Мамандандырылған тергеу соты ұсталған азаматқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Тергеу шаралары жалғасуда», - деді Полиция департаментінен.

Жоғары қарай