Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Шымкентте көлік жүргізген жасөспірім 3 баланы қағып кетті

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 16:11

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 17 жастағы жасөспірім көлікпен үш баланы қағып, оның біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай қаланың орталығындағы көшелердің бірінде болған. Көліктің руліне отырған 2002 жылы туған жасөспірім қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп ойнап жүрген үш баланы қағып кетіп, артынша электр бағанына соғылған. Оқиға орнында 7 жасар бала көз жұмды. Қалған екі бала Түркістан облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Қазір науқастардың жағдайлары бірқалыпты ауыр. Біріншісі бас миының шайқалуы мен оң жақ сан сүйегінің сынуы сияқты жарақат алған. Ол кеше жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгін емдеу бөліміне ауыстырылды. Екінші бала бас миының шайқалуы диагнозымен түсті. Екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»,- дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әбдішүкір Егізбаев.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай