Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Шымкентте оқушыларға көрсетілетін медкөмекке 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

2020 жылдың 25 ақпан 2020 17:59

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектеп оқушыларына көрсетілетін медициналық көмекті таныстыру үшін арнайы пресс- тур өтті. Шара барысында тілшілер мектеп қабырғасындағы медициналық бекеттің жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ өкілдері мектеп-лицейіндегі қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Медициналық кабинеттерде алғашқы көмек және профилактикалық қызметтер көрсетілетінен хабардар болды.

«Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы оқушының денсаулық жағдайы туралы жергілікті емханаға хабарлама беріп отырады. Бүгінде Шымкент қаласында 137 мектеп бар болса, оларға 18 медициналық мекеме МӘМС жүйесі аясында қызмет көрсетуде»,- дейді сала мамандары.




«Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Шалқар Шерімов биылғы жылы қаладағы мектеп медицинасының дамуына қазынадан 1 миллиардтан астам теңге бөлінгенін мәлімдеді.

«Жыл басынан бері шаһардағы барлық білім ұяларындағы медициналық кабинеттерді қайта жабдықтап жатырмыз. Мамандар санын да көбейтеміз. Бұл өз кезегінде оқушылардың денсаулығын жақсартып, балалар арасындағы түрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Бөлінген қаржы бойынша мектептегі балалар жыл сайын профилактикалық тексеруден өтеді және оларға стоматологиялық медициналық көмектер көрсетіледі»,- дейді Ш. Шакимұлы.














Жоғары қарай