Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Шымкентте өрт сөндірушілер 2 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалды

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 22:56

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір пәтердегі тұрмыстық заттар жанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін таңғы 8.30 шамасында орын алған.

«2 қыркүйек күні таңғы сағат 8:47-де Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Тұрғындардың айтуынша, төртінші қабаттағы пәтерлердің бірі отқа оранып, жиһаздар, есік-терезе, киім-кешек жанған. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінен 16 адам мен 6 техника жетіп, өртті сөндірген. 3 бала мен 12 ересек адам қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарушылар тағы екі адамды өрт шыққан пәтерден аман алып шыққан. Қызыл жалын 9:15-те ауыздықталған. Сағат 9:45-те толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері қазір анықталып жатыр» делінген хабарламада.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай