Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Шымкентте теміржол вокзалы өртенді

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 10:17

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте теміржол вокзалынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 қаңтар күні сағат 02.07 кезінде өртке қарсы қызмет пультына Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының екіқабатты ғимаратынан өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғанындай, ғимараттың бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде жиһаздар мен қағаз қораптар өртеніп, тілсіз жау 6 шаршы метрді жайылған», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бірер минуттың ішінде ауыздықтаған. Құтқарушылар келмей тұрып, ғимараттан 30 шақты адам сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 52 адам мен 12 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Полиция қызметкерлері өртті сөндіру барысында вокзал аумағын қоршап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.








Жоғары қарай