Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шымкентте триатлоннан Азия кубогы өтті

2019 жылдың 25 мамыр 2019 17:00 704

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «SHYMKENT ASTC TRIATHLON» Азия кубогы өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, Франция, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан 55 спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия кубогының ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 34 ер мен 11 әйел өзара мықтыны анықтаған сайыста  Азия кубогы  сарапқа салынды. Спортшылар 2 сағатқа жуық уақытта 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велосипедпен артқа тастады. Оған қоса 10 шақырым жолды жүгіріп өтті. Аталған сында ерлерден алғашқы болып мәреге сербиялық Огнжен Стоянович жетіп чемпион атанды. Екінші орын отандасымыз Аян Бейсенбаевтың еншісінде қалды. Ал, австриялық спортшы Лукас Гсталтнер байрақты додада үшінші орынға ие болды.

Қыздар да бұл сында осал еместігін байқатты. Мәреге румыниялық Манак Антонелла жетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, екінші орын Оңтүстіккореялық спортшы Юн Джен Чанға бұйырды. Үшінші болып мәреге сызығын басқан Халықаралық триатлон одағының спортшысы Арина Шульгина болды.


null 

null 

null 

Айта кетейік, сайысты құрамында 35 ел бар Азия Триатлон Конфедерациясы ұйымдастырып отыр. Триатлон спорты мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында өтетін Азия Кубогына ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон Федерациясы ұйымдастырып, Шымкент қаласының әкімдігі және «Шымкент» ӘКК АҚ қолдау көрсетіп отыр.


null 

null 

null 

null 

null 

null 

null

null  

Еске салайық, ертең 26 мамыр күні әуесқойлар арасында «TEMIRADAM» атты ел чемпионаты өтеді деп күтілуде. Оған 77 атлет пен 2 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Спорт, Шымкент,
Жоғары қарай