Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары тапаншамен жүрген азаматты қарусыздандырды

2019 жылдың 18 шілде 2019 18:56

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Кеше, 17 шілде күні Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің сарбаздары қырағылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол күні түнде қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген жауынгерлер жол жиегінен 10-15 метр қашықтықтан қарудың оқталған дыбысын естиді.

Автомобильдегі жедел мақсаттағы батальонға қарасты әскери жасақ жетекшісі ефрейтор Қасымбек Арынов, патруль ефрейтор Владимир Ерачин және қатардағы Максим Дүйсенбай дереу оқиға орнына жетеді. Белгісіз азамат оларға дөрекі сөйлеп, қаруын кезеніп сес көрсетеді. Сарбаздар көз ілеспес шапшаңдықпен күш қолданып, күдіктіні қарусыздандырады. Оқиға орнына патрульдік топ бастығы Ақтөре Берікбай мен әскери жасақтар кезекшісі капитан Қуанышбек Асқаров та жылдам жетеді.

Ұландықтар жауынгерлік қарумен заң бұзған азаматты Еңбекші ауданының ішкі істер департаментіне тапсырды. Тексеріс нәтижесінде күдіктіден оқтаулы «Макаров» тапаншасы мен 7 оқ тәркіленді.

Басты сөздер: Оқиға, Шымкент,
Жоғары қарай