Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Шымкентте жалпыхалықтық сенбілік өтті

2019 жылдың 23 ақпан 2019 18:45

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Алғыс айту мерекесі қарсаңында Шымкентте «Тазалық күні» шарасы өтті. Жалпыхалықтық сенбілікке этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, жастардан құралған жалпы 20 мыңға тарта адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікке қатысушылар төрт аудандағы саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен көшелерді және арық-атыздарды қоқыстан тазартты. Ал, осы іс-шараға ұйытқы болған қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен 16 этномәдени бірлестік төрағалары Қошқар ата өзенінің бойында сенбілік ұйымдастырды. Олар жай және қылқан жапырақты ағаштар отырғызып, ойын алаңшаларын сырлады. Ағаштардың түптерін әктеп, жасыл желектерді тазалау жұмыстарын атқарды.




null Жалпы бұл күні қаладағы 30 шақырым аяқжол мен 103 шақырым болатын көше бойлары және 35 шақырымдық ирригациялық жүйелер тазартылды. Бұл жұмыстарға 40 шақты техника жұмылдырылды.


null

«Күн санап көркейіп келе жатқан қаламыздың таза, әдемі болуына және көркеюіне үлес қосу - әр тұрғынның парызы деп санаймын. «Тазалық күні» аясында көпшілік демалатын қасиетті орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Сәндік ағаш көшеттері отырғызылды. Бүгінгі шараның тазалықпен қатар, халықты ынтымаққа үндейтін мән-маңызы зор екенін де ерекше айтқым келеді», - дейді ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Гузаль Темирова.

Жоғары қарай