Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Шымкентте жолаушылар автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 14:13

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жолаушылар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы таңғы сағат сегіздер шамасында Байтереков көшесі мен Астана даңғылы бойында болған. №40-шы автобус жеңіл көлікпен соғысып, аударылып қалған.

«Жол апатынан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетуде. Оқыс жағдайдан 13-адам зардап шеккен. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде. Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір азаматша оқиға орнында көз жұмды» делінген хабарламада.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай