Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Шымкенттегі автобус апатына қатысты тергеу басталды

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:32

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте автобустың көлікпен соқтығысқан жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу шаралары басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның деректерінше, «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың екі жолаушысы Шымкент қаласының медициналық мекемелерінің біріне жатқызылған.

«Автобустың жүргізушісі жол жүру ережесін ескермей, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Артынша »Тойота Камримен» соқтығысып, аударылған. Жеңіл көліктің екі жолаушысы мен автобустың алты жолаушысына және оның жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді. Олар үйлеріне қайтарылды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Назарбаев даңғылы мен Бәйтереков көшесінің қиылысында орын алған еді. Салдарынан автобустың бір жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Өзге жарақат алған жүргізушілер мен жолаушыларға медициналық жәрдем көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, ҚР ІІМ, Оқиға,
Жоғары қарай