Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шымкенттегі Қаратау ауданының халқы ауыз сумен толық қамтылады – аудан әкімі

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 15:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Қаратау ауданының халқын сапалы ауыз сумен толық қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Абзал Шымкентбайұлы БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуда ауданның биылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын сөз еткен әкім көшелердің де жөнделіп жатқанын жеткізді.

«Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар 4 көшенің де құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар. Аудандағы 392 көппәтерлі тұрғын үйдің 315-інің орталық жылу жүйесі қыс мезгіліне дайын. Қалған 77-сі автономды жылу жүйесін тұтынады», -деді Абзал Шымкентбайұлы.

Аудан басшысының айтуынша, көпқабатты үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау жұмысын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері атқарған. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына толықтай қосылып отыр.

Жоғары қарай