Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Шымкенттегі кондитерлік фабрика өз өнімдерін Еуропа мен Қытайға саудалай бастады

2017 жылдың 20 желтоқсан 2017 12:03

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында іске қосылған «Рахат-Шымкент» ЖШС-нің жаңа заманауи өндірісінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




null


null
Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған зауыт бүгінде 30-дан астам атаумен 4 түрлі өнім өндіреді. Осы жылдың он айында кондитерлік фабрика құны 274,6 миллион теңге болатын 200 тоннадан астам өнім өндірген. Фабрика кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып келеді. 2015 жылы кәсіпорын индустрияландыру картасы шеңберінде «Кондитер өнімдерінің өндірісін кеңейту және жаңғырту» жобасы бойынша крекер печеньесі мен вафли шығаратын өндірістік жаңа желіні іске қосқан болатын. Биыл жаңа өндірістік қуатты мықтап меңгеру басталды. Ал, осы жылы кәсіпорынға «Халал» стандартын ендіру жұмыстары басталды. Серіктестік директоры Абдукарим Боранов аймақ басшысына кәсіпорында өндірілетін тауарлардың түрлерімен таныстырып, жеткен жетістіктері жайында баяндады. Жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға инвестиция құйып келетінін айтқан компания басшысы фабриканың жылдық қуаттылығы 23 мың тонна екенін мәлімдеді. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан Жансейіт Түймебаев 2015-2019 жылдардағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Оңтүстік өңірі үшін маңызы зор екенін атап өтті.



null


null

«Рахат-Шымкент» ЖШС кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында вафель шығаратын жаңа өндірістік желіні іске қосқан. Жобаны жаңғырту мақсатында 850 миллион теңге жұмылдырылып, 28 жұмыс орны ашылды. 2001 жылы жұмысын бастаған зауыт өз өнімдерін ТМД мен Еуропа елдеріне, Қытай мен Моңғолия нарығына шығарып отыр екен. Яғни, біздің отандық өніміміз әлемдік стандарттарға толық сай келетінін айғақтайды», - деді облыс әкімі.



null


null


null

Жоғары қарай