Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Шымкенттегі «Жеңіс» саябағында «Поэзия бұрышы» ашылды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 11:26

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында Шымкенттегі «Жеңіс» саябағында әдеби-мәдени «Поэзия бұрышының» ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кеткен жөн, жақында ғана қала әкімінің бастамасымен әдебиет саласында қаламын ұштап жүрген шығармашыл жастардың үздік туындылары жинақталған «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясы жарық көрген еді.








Ал «Поэзия бұрышында» алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық дәрістер өткізілетін болады.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтаханов арнайы келіп, қаламгер жастарға ыстық лебізін жеткізіп, шығармашылық шабыт тіледі.




Кеш қонағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз алып, құттықтауын жеткізді.

Жиын соңында жыр өлкесіне нық қадам басқан Сүндет Сейітов, Арайлым Мұраталиева, Мақпал Төребек және өзге де жас ақындарға үлкендер сәттілік тіледі.











Басты сөздер: Шымкент, Әдебиет,
Жоғары қарай