Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып қойып, ауыр ота жасаған

2019 жылдың 18 шілде 2019 20:32

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып қойып, жүрекке ашық түрде ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жарым сағатқа созылған операция кезінде кардиохирургтар құрсағында шаранасы бар әйелдің жүрегінен эхинококк жылауығын хирургиялық жолмен алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас әйел 16 апталық жүктілік кезеңінде. Жүкті келіншектің жүрегіне ашық отаны білікті дәрігерлерден құралған команда жасаған. Олардың қатарында кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев, кардиохирург Бауыржан Сайлаубекұлы, реаниматолог Бекжан Перменов пен дәрігер перфузиолог Жәнібек Абшировтар бар. Дәрігерлер аурудың бұл түрімен жүктілікті ұзартудың жоғары қауіпін ескере отырып, жүрекке ашық ота - журек эхинококкозэктомиясын жасаған. Ота сәтті аяқталып, келесі күндері әйел асқынусыз кардиохирургия бөліміне ауыстырылған. Жүктілік ағымы да асқынусыз өтуде. Науқасты бірнеше рет қараған қаланың акушер-гинекологтары ана мен бала үшін ешқандай қауіп жоқ екенін жеткізген.

Айта кетейік, елімізде жүкті әйелге жүрек эхинококкозымен ашық түрде ота алғаш рет жасалып отыр. Шымкенттік дәрігерлер мұндай диагнозбен аяғы ауыр әйелдерге ота жасаудың қауіпті екенін жақсы білген.




Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Медицина, Шымкент,
Жоғары қарай