Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Шымкенттік оқушылар қазақша сөйлейтін робот құрастырып шықты

2019 жылдың 2 ақпан 2019 19:06

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «U:hack» инновациялық идеялар фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға зал толы жастар қатысуға ниет білдірген. Жастар жылы аясындағы фестивальді Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай ашып, жастарға сəттілік тіледі.

Қатысушылар өз таңдауы бойынша 4 секцияға бөлінді: «IT», «Контент және медиа», «Кино және видео», «Кәсіпкерлік».

Жүлде қорындағы «Shymkent» ӘКК» АҚ тағайындаған 2 млн теңгені ұтып алу үшін қатысушылардың 24 сағат уақыты бар.

Айта кету керек, осы іс-шарада №65 мектебінің оқушыларынан құралған INO командасы қазақша сөйлейтін роботын таныстырды. Фестивальге жиналған 1000-ға жуық қатысушыны таң қалдырған робот арнайы мобильді қосымшамен басқарылады. Сервистік робот өзі қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап береді.




Елдос Тұранның айтуынша, роботты құрастыруға 1 апта уақыт кеткен. Оны Ino.lab инновациялық лабораториясында жасап шыққан. Жас өнертапқыштар бүгінде аталған зертханада ақпараттық технологияларды меңгеріп жүр. Олар болашақта жасанды интеллектпен жұмыс істейтін осындай роботтарды көптеп жасамақ.







Жоғары қарай