Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Шымкенттік полицейлер Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 16:24

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Тәртіп сақшылары басқосуда жастар арасында есірткіні қолданудың алдын алу мен әлеуметтік желілерді қауіпсіз қолдану мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде жасөспірімдерге есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына байланысты туындайтын жауапкершілік туралы айтылып, осы жайлы арнайы дайындалған ақпараттық фильм көрсетілді. Полиция қызметкерлері өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, рухани және патриоттық тәрбие туралы айтып өтті.







Оқушыларға есірткі заттарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын қолданудың зияндығын түсіндірді. Және оларды сақтау және таратуға қатысты қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді. Қоғамда арампиғылдылардың ғаламтор желісі арқылы психологиялық әсер ету мүмкіндігі туралы ескертті.

Кездесу соңында мектеп оқушылары полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.







Жоғары қарай