Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

ШЫҰ Үкімет басшыларының отырысы алғаш рет Үндістанда өтеді

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 22:45

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің Үкімет басшыларының отырысы биылғы күзде алғаш рет Үндістанда өтеді. Бұл туралы бүгін Нью-Делиде өткен «Райсин диалогы» халықаралық конференциясында ШЫҰ-ның Бас хатшысы Владимир Норов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Биыл Үндістан ШЫҰ-ның маңыздылығы жөнінен екінші орындағы – Үкіметтер басшылары кеңесіне төрағалық етеді. Оның келесі отырысы Үндістанда күзде өтеді», - деді В.Норов.

Бұл ретте Бас хатшы Үкіметтер басшыларының отырысы алдында министрліктердің және сарапшылардың кездесулері өтетінін мәлім етті. Сондай-ақ Үндістанда Экономикалық мәселелер жөніндегі сараптамалық орталықтар консорциумының бірінші отырысын ұйымдастыру жоспарланған.

ШЫҰ-ны құру жөніндегі декларацияға 2001 жылдың маусымында Шанхайда алты мемлекет: Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойды. 2017 жылы Қазақстан астанасында ұйымға мүше мемлекет статусын Үндістан мен Пәкістан алды.

Бүгінде ШЫҰ-ға ену туралы (бақылаушы/ диалог бойынша серіктес) ұсыныс 12 елден түсті. Олар - Бангладеш, Сауд Арабиясы, Сирия, Мысыр, Израиль, Мальдив аралдары, Украина, Ирак, Вьетнам, Бахрейн, Катар және БАӘ.


Жоғары қарай