Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Сингапурда коронавирус карантинін бұзғандар түрмеге қамалады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 13:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сингапур Республикасының билігі Қытайдан оралған азаматтар үйдегі карантинді сақтамаған жағдайда қолданылатын жазаны бекітті, деп хабарлайды Straits Times басылымы Ұлттық даму министрі Лоуренс Вонгтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жаңа ереже шыққанға дейін Қытайдан оралған саяхатшылар 14 күндік үй жағдайындағы карантинді сақтауы тиіс болатын, бірақ оларға үйінен біраз уақытқа шығып кетуге рұқсат берілген еді.

Заңға енгізілген түзетуге сәйкес, енді карантиндегі азаматтар қандай жағдай болса да оны бұза алмайды. Азық-түлік, тауар және басқа қажет болған дүниелерін алу үшін таныстарының көмегіне жүгінуі қажет.

Карантиндік режімді бұзғандарды алты айға дейін қамауға алып, сонымен қатар 10 мың сингапур доллары ($7,2 мың.) көлемінде айыппұл салады. Ал ережеге бағынбаған Сингапурдағы шетел азаматтары жұмыстан шығарылады немесе депортацияланады.

Түзетулер жергілікті уақытпен бүгін, 18 ақпанда 23:59-дан бастап күшіне енеді.


Басты сөздер: Коронавирус, Қытай,
Жоғары қарай