Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2019 жылдың 25 мамыр 2019 06:34 618

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Cенбі, 25 мамыр күні еліміздің барлық қалаларында ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, еліміздің барлық қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай