Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2019 жылдың 14 қазан 2019 06:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Дүйсенбі, 14 қазан күні еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау қаласында болжанады.

Қазақстанның өзге шаһарларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай