Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 08:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 қаңтар күні еліміздің қалаларында метеожағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 қаңтар күні ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілемейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.
Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай