Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Сириядағы лаңкестікке күдікті қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр

2019 жылдың 13 мамыр 2019 19:40 726

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев Сириядан қайтарылған азаматтардың лаңкестікке қатыстылығы дәлелденген жағдайда оларды не күтіп тұрғанын айтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаза мерзіміне тоқталсақ, «Жусан-1» операциясы кезінде елге жеткізілген екі ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл тұрғыда қылмыстың ауырлығы мен олардың тергеу амалдарына көмегі  және өз еркімен келуі ескерілді», - деді Б. Рахымбердиев Сырты істер министрлігінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бүгін аталған ведомствода «Жусан-2» операциясына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілгені мәлім.  Қазақстанға келгеннен кейін 16 ер адам мен 4 әйел ДАИШ жағында террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынды. 

ҰҚК өкілінің атап өтуінше, күдіктілерге қатысты жаза қылмыстың ауырлығына қарай айқындалады.

«Жалпы алғанда, істеген әрекетінің ауырлығы бойынша олар 20 жылға дейін сотталуы мүмкін. Яғни бізде 2017 жылы экстрадицияланған лаңкестік топтың бір мүшесіне 20 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған еді. Атап айтқанда, осында қылмыстар үшін ұзақ мерзім беру қарастырылған», - деді ол.

 Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілуіне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады. 

«Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы - балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і - жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы», - делінген Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Еске салсақ, биыл қаңтарда Елбасы Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияға байланысты мәлімдеме жасады. 

 

 

Жоғары қарай