Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

«СКАТ» әуе компаниясының Утапао-Астана рейсі ұша алмай жатыр

2019 жылдың 11 наурыз 2019 21:21 968

АСТАНА. ҚазАқпарат - "СКАТ" әуе компаниясының Утапао-Астана рейсі ұша алмай жатыр. Бұл жайында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"СКАТ" әуе компаниясының Утапао-Астана бағытындағы VSV465  рейсі 11 наурыз күні Астана уақытымен сағат 17-00-де Б767 (тіркеу нөмірі UP-6703) әуе кемесімен орындалуы тиіс болатын. Қазіргі уақытта техникалық себептерге байланысты аталған рейс кешіктіріліп жатыр", - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, аталған рейстің 283 жолаушысына туристік операторлар ыстық тамақ пен қонақ үйден жатын орын ұсынған.

"2019 жылдың 12 наурызы күні Астана уақытымен сағат 4-00-де "СКАТ" әуе компаниясының VSV469  рейсімен Алматы-Пукет бағытында  мамандар әуе кемесінің ақауын жою үшін жіберіледі", - деп атап өтеді комитеттен.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай