Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

СҚО биыл қоныс аударған 770 отбасыны қарсы алады

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 23:05

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы биыл өзге өңірлерден келген 769 отбасыны қарсы алуды жоспарлап отыр, олардың жартысынан астамы қоныстанып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қазірдің өзінде өңірге 1459, яғни 471 адам қоныс аударды. Оларға мемлекетпен қарастырылған тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

«Біз қоныс аударушыларға арнап баспана тұрғызып жатырмыз. Солтүстік Қазақстан облысы көшіп келушілерге баспана салып беруден және оларға арнап үй сатып алудан пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Биыл осы мақсатта 400 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілмекші», - деді Құмар Ақсақалов.

Алдағы үш жылда еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан қоныс аударушыларға облыста 2 мыңнан астам баспана салынады деп жоспарланған.

Мамандардың есебінше, Солтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Өзге өңірден теріскейге қоныс аударғандарды 224 елді мекен қабылдай алады.


Жоғары қарай