Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

СҚО-да 20 мың бюджеттік сала қызметкерінің жалақысы артады

2019 жылдың 4 наурыз 2019 20:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысында бюджет саласында жұмыс істейтін 20 мың қызметкердің еңбекақысы 30% артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов СҚО әкімдігінің жиынында хабардар етті. Сондай-ақ атқарушы органдардың ең төменгі жалақы алатын жұмысшыларының табысы 25 пайызға артпақ. Мысалы, аудандық әкімдіктің бір жылдық еңбек өтілі бар бас маманы қазір 77 мың теңге еңбекақы алса, 1 шілдеден бастап кірісі 100 мың теңгеге жетпек.

«Президенттің Жолдауы аясында облыстағы 10 мың мұғалімнің еңбекақысы 30% өсті. Орташа айлық 140 мың теңгені құраса, ең жоғарғысы 220 мың теңгеге жетті. Осындай жоғары еңбекақыны облыста 1,5 мың ұстаз алады. Енді «Nur Otan» партиясының XVIII съезінің қорытындысы бойынша, 14 мың маманның: психологтардың, әдіскерлердің, тәрбиешілердің және осы саладағы басқа қызметкерлердің еңбекақысы 30% көбейеді», - дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Оң өзгеріс денсаулық сақтау саласының да қызметкерлерін күтіп тұр. Кіші медициналық персоналдың айлық табысы 48 мыңнан 64 мың теңгеге дейін артады. Ал медбикелердің табысы 76 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көбейеді.

Жоғары қарай