Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

СҚО-да 26 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

2019 жылдың 14 қазан 2019 05:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Облыстағы «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне 200-ге жуық хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір облыста 140 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын 600-ден астам қоғамдық көлік бар. Оның 330 автобусы қала ішінде, 30-ы қала маңында және 80-і облыстарға, 25-і мемлекеттерге жол жүреді.

«Республикада мұндай алдын-алу іс-шаралары үшінші рет өткізіліп жатыр. Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілерін тәртіпке салуды мақсат еттік. Өйткені жыл басынан елімізде автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған 316 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Біздің облыста қоғамдық көліктің қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы болса, оның бесеуінде автобус жүргізушілері кінәлі. Салдарынан 12 адам түрлі дене жарақатын алды. Жыл басынан 780 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев.

Операцияның алғашқы екі күнінде тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзудың 190 дерегін анықтады. Оның ішінде жүргізушілер жолда келе жатып телефонмен сөйлескен, жылдамдықты асырған, техникалық байқаудан өтпей жолға шыққан немесе автобусты рұқсатсыз қайта жарақтандырған. Осыған байланысты автокәсіпорындардың лауазымды және заңды тұлғаларына 26 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жоғары қарай