Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

СҚО-да арнайы жасақ қызметкерлері балаларға қоян-қолтық айқас әдістерін көрсетті

2019 жылдың 4 тамыз 2019 17:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері «Жас Арлан» әскери-патриоттық клубының жас тәлімгерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, полицейлер 50 балаға өз кәсібі туралы айтып, қаруларды, арнайы құралдар мен қылмыскерлерді ұстау амалдарын көрсетті.




«Біз балаларға жұмысымызды көрсетіп, құқық қорғау органдарындағы қызмет туралы айттық. Бүгінгі кездесудің мақсаты – балаларға полиция қызметкерлерінің қоғам игілігі үшін күн сайын жауапты қызмет атқарып жүргені туралы хабардар ету. Балалардың Отанға деген махаббаты, патриоттық сезімі оянғаны қуантып отыр», - деді Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Ерлан Базарбаев.




Балаларға қару қолдану арқылы көрсетілген әдістер ерекше әсер етті. Жас арландықтар полиция офицерлері үйренетін, жаттығатын және кезекшілік ететін спортзал, оқу сыныптары, спорт трофейлері көрсетілген стендтерді тамашалады.










«Жас Арлан» клубы 2018 жылдың күзінде Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағының бастамасымен ашылды.

Жас Арлан» әскери-патриоттық клубының басшысы Ерік Тәттібаевтың айтуынша, клубқа 100-ден астам бала барып жүр.

«Біздегі сабақтар үш бағыт бойынша өтеді: алғашқы әскери дайындық, жалпы дене дайындығы мен өзін-өзі қорғау. Барлық нұсқаушылардың жоғары білімдері бар: дене шынықтыру, педагогикалық, әскери, заңгерлік. Әскери-патриоттық клубтағы сабақтар тегін өтеді. Оған өтудегі басты талап – медициналық анықтаманың болуы», - деді Э.Тәттібаев.







Олеся Жуковень

Жоғары қарай