Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

СҚО-да ат спорты маусымының жабылуы өтті

2019 жылдың 14 қазан 2019 21:01

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында ат спорты маусымының жабылуына арналған мереке өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекеге орай ипподромда қонақтар сәйгүліктердің түрлі қашықтыққа жарысын, жорға жарысты және 15 шақырымға созылған аламан бәйгені тамашалай алды.

Өңірде ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде ат спортын дамыту жақсы жолға қойылған. Облыста бірнеше балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, кәсіби клубтар жұмыс істейді. Жуырда қазақ күресінен құрылған «Қызылжар арландары» клубы ел бойынша үздік үштіктің қатарында. «Тұлпар» клубының шабандоздары республикалық, халықаралық турнирлерде жүлделі орындар алып жүр. Жақында Ақтөбеде өткен республикалық ұлттық спорт түрлері фестивалінде солтүстікқазақстандықтар аламан бәйгеде бас жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін турнир кестесінің соңында жүретін құрама биыл жалпы есепте 17 команданың ішінен 5 орынға тұрақтады.










Бұл осы жылғы соңғы жарыс болғандықтан шабандоздар бірнеше қашықтықты еңсеріп, жақсы нәтиже көрсетуі керек. 1,6 шақырымдық майда жарыста Әсет Бекжанов Харикейн Принцесс тұлпарымен бірінші келді. 2,4 шақырымда тағы да Әсет Латрая атты сәйгүлікпен алдына жан салмады. 7 шақырымдық жорға жарыста шабандоз Дмитрий Волков Пан атты желісті жылқысымен алға шықты.

Көрермендер асыға күткен аламан бәйге тартысты өтті. Мұхамедәли Никифоров «Айслинг» атты тұлпарымен бірінші келді.













Жоғары қарай