Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

СҚО-да ауыл тұрғыны көлігін 20 жылдан кейін ғана рәсімдеді

2019 жылдың 14 маусым 2019 22:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп, халық көп шоғырланған15 жерде алаң ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев «City mall» орталығының жанында азаматтарды қабылдады. Тұрғындардан түскен барлық сұрақтарды ол бақылауға алып, тиісті басқармалардың басшыларына әрбір жағдайдың анық-қанығына жетуге тапсырма берді.



null

«Осындай әңгімелесу алаңдарын құрудың басты мақсаты - азаматтарға ішкі істер органдарының құзыретіне қатысты, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін ұғындыру. Бүгінгі таңда полицияның жұмысындағы басты принцип - ашықтық пен айқындылық, халықпен жұмыс істеу үшін кедергісіз орта құру. Жұмыстың бұл түрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде тиімділікті арттырады», - дейді департамент басшысы.



null

«Мобильді қабылдау» өз жұмысын Петропавлдағы көпқабатты үйлердің аулаларында да ұйымдастырды. Мұнда тұрғындар шулы отырысты ұнататын көршілер, ешбір заңды негізсіз көлік қоятын орынды меншіктеп алушылар мәселесін көтерді.

Мамлют ауданының тұрғынына полицейлер жүк көлігін ресімдеуге көмектесті. Андрей Шанаурин «Колхиданы» 90-шы жылдардың басында сатып алған, бірақ оны осы уақытқа дейін пайдаланбаған. «Қабылдау» кезінде тіркеу-емтихан алу жұмысы бөлімінің қызметкерлеріне аталған көлікті тіркеу мәселесі бойынша жүгінді. Барлық құжаттарды тексерген полицейлер құқық белгілейтін құжаттарды беруді заңды деп тапты. Енді ауыл тұрғыны өз ЖШС шаруашылық жұмыстары үшін ауыр жүк көлігін еш алаңсыз пайдаланатын болады.



null

Полицейлер жыл сайын көлікті сақтандыру үшін 30 мыңнан 40 мың теңгеге дейін төлеп, ресейлік есепте тұрған машинамен ұзақ уақыт жүрген шетелдікке де көмек қолын созды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 2014 жылы Ресейден Қазақстанға қоныс аударған. Ол бұрын шетелдік көлігін Қазақстаннан сатып алып, кейін Ресейде есепке қойған, сататын ойы болмаған.

«Қазақстанда есепке қайта қоюға болатынын білмей, ресейлік тіркеумен жүре бердім. Жыл сайын техникалық байқаудан өту, көлікке салық төлеу үшін Ресейге бардым. Өте ыңғайсыз, әрі шығыны көп болатын», - деді Вячеслав Попов.



null

Вячеслав Попов полицейлердің кеңесін пайдаланып, өзінің шетелдік көлігін қазақстандық тіркеуге қойды, әрі бір жылға көлікті сақтандыру үшін төленген артық қаражатты қайтарып алды.



null

Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Жолда қабылдау» жұмысының алғашқы сағаттарында барлығы 40 сұрақ келіп түсті. Айта кетерлігі акция екі күнге созылады.



null


null


null

Жоғары қарай