Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

СҚО-да биыл 2,4 млрд теңгеге жаңа медициналық қондырғы алынады

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 11:02

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының емдеу мекемелеріне биыл 132 медициналық қондырғы алынады. Алғашқыларының бірі – заманауи МРТ қазір облыстық ауруханаға орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әкімдіктің отырысында мәлімдеді.

Дүниежүзілік банктің қаражаты есебінен облыстың 13 ауданына ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, 3 видеоэндоскопиялық тіреу, 24 ИВЛ аппараты алынбақ. Облыстық перинаталдық орталықта диагностикалық орталық құрылып, қажетті қондырғылармен қамтылады. Жедел жәрдем көлігінің биыл 18-і алынуы тиіс.

Қапзір облыстық ауруханада МРТ орнатылып жатыр, жуық арада іске қосылады.

«Қондырғы жиі істен шығатын, сондықтан адамдар басқа өңірлерге барып, тексерілетін. Тұрғындар 7 күннің ішінде МРТ өтуге мүмкіндік алуы керек. Бірнеше апта күтіп отыруы дұрыс емес. Тексерістерді 2 ауысымда жүргізу керек», - деді Құмар Ақсақалов.




Тағы бір МРТ жылдың соңына дейін онкодиспансерде қойылады. Сондай-ақ бір аптаның ішінде кардиологиялық орталыққа жаңа ангиограф әкелінеді.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, онкологиялық орталыққа цифрлы маммограф сатып алынды. Қазірің өзінде мыңнан аса зерттеу жасалды. Алғаш рет аудандық ауруханаларға маммографтар сатып алынып, 5 УЗИ аппараты орнатылды.

Биыл өңірдің емдеу мекемелеріне 2,4 млрд теңгеге түрлі 132 қондырғы алынбақшы. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 48 млрд теңгеге дейін артты. Былтыр 42 млрд теңге жұмсалған болатын.


Жоғары қарай