Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

СҚО-да дарынды полицейлердің республикалық арт-фестивалі өтті

2019 жылдың 15 қазан 2019 22:43

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда дарынды полицейлердің басын қосқан «Әр жүректе – туған жер» атты патриоттық әндердің республикалық арт-фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 өңірдің аймақтық байқауларының жүлделі орын иегерлері «Дуэт», «Трио», «Квартет» номинацияларында бақтарын сынап, соңғы турға қатысты.







Фестивальдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. Ал қорытынды турды ұйымдастырған СҚО Полиция департаменті республикалық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне күш салды.




Жастар жылына орай қолға алынған іс-шараға жасы отызға дейінгі дарынды полицейлер қатысты. Олардың өнерін «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының дирижері Абзал Мұхитдинов, әнші-сазгер Солдатхан Ысқақ және ҚР ІІМ Кадрлық саясат департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков бағалады.

«Жылдан жылға байқауға қатысушылардың деңгейі артып келеді. Олар репертуарды да жауапкершілікпен таңдайтын болған. Жалпы, бұл фестивальді өткізудегі мақсат – полицейлердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, олардың мәдени деңгейін және қызметтің мәртебесін арттыру, патриоттық тәрбие беру», - деді қазылар алқасының төрағасы Айдар Сайтбеков.




«Дуэт» номинациясында СҚО Полиция департаментінің өнерпаздары бірінші орын алды. «Трио» номинациясында Ақтөбе облысының арнайы мамандандырылған қызмет басқармасы әншілері жеңіске жетсе, «Квартет» номинациясында Қостанай облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне тең келер жан болмады.







Жоғары қарай