Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

СҚО-да демалыс лагері Арыс қаласының 50 баласын қабылдауға әзір

2019 жылдың 25 маусым 2019 18:48 369

 ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Чайка» балалардың демалыс лагері 6 шілдеден бастап Арыс қаласының 50 балдырғанын қабылдауға әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демалыс лагері Имантау-Шалқар курорттық аймағында орналасқан. Көкшетаулық кәсіпкер Қайрат Нұрмұқанов биыл үшінші жыл мемлекеттік жекешелік әріптестік  аясында «Чайка» лагерін сенімді басқаруға алған. Бизнесмен демалыс орнына қомақты қаржы құйып, «жан» бітірді. Қазір лагерь бір маусымда 250 баланы қабылдай алады. Ал шілденің 6-сы демалыс орны Арыс қаласының 50 балдырғанын қабылдауға дайын.

«Қайырымдылықпен айналысу керек, мұқтаждарға көмектесу қажет. Біздің отбасымыз үшін бұл - міндет. Арыстағы оқиғаны шетелде жүріп естідім. Біз отбасымызбен төтенше жағдайдан зардап шеккен балаларға көмектесеміз деп шештік. Жарылысты көрген балақайлар қатты қорқып қалған шығар, оларға қазір жақсы демалыс керек», - дейді кәсіпкердің зайыбы Дина Нұрмұқанова.

Лагерде балаларға бар жағдай жасалмақ. Арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Балалар көлге суға түсіп, Имантау-Шалқар курорттық аймағының әсем табиғатын тамашалай алады. Тарихи-мәдени орындарға экскурсияға шығады. Кәсіпкердің бұл мақсатқа жекеменшік автобусы да бар.

«Біз 4,5,6 маусымда да арыстық 150 баланы қабылдауға әзірміз. Оларға қазір қолдау қажет. Әрі мектеп алдында жақсылап демалып, күш жинайды. Басқа кәсіпкерлер бізді қолдайды деген сенімдемін. Олар бізден жолдама алып, балаларға тегін үлестіре алады», - дейді Дина Нұрмұқанова.

 

 

Жоғары қарай