Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын

2019 жылдың 17 қазан 2019 10:37

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 13 ауданның тоғызы дәнді дақылдарды жинап алып, күзгі науқанды аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан биыл да дәнді дақылдан жақсы өнім алды. Егіншілікте тиісті технологияны қолдану, техника паркін жаңалау, білікті мамандарды даярлау – өз нәтижесін беріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, диқандар былтырғы межеден көрініп, әр гектардан орта есеппен 17 центнерге жуық өнім алды.

Дәнді дақылдардың шығымдылығынан Қызылжар ауданы алда келеді. Өнімділігі 22 центнер. Осы аудандағы «Петерфельд агро» ЖШС-нің жаз бойғы еңбегі өз жемісін беріп, бұл шаруашылықта диқандар әр гектардан 31 центнерден астық алды.

Жұмабаев, Мүсірепов, Тайынша, Шал ақын аудандары бірер күнде күзгі науқанды аяқтайды. Жалпы биыл облыс бойынша 2 млн 861 мың гектарға дәнді дақыл себілді, оның 2 млн 13 мыңы – бидай.

Облыс бойынша майлы дақылдардың 82,5% жиналды. Мамандардың айтуынша, шығымдылық жаман емес, қазір орта есеппен 8,5 центнерден алынып жатыр. Бұл, әзірше былтырғы көрсеткіштен 0,7 центнерге төмен.

Жоғары қарай