Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

СҚО-да егін орағы кезінде астық ұрлаудың 50-ден астам дерегі тіркелді

2019 жылдың 11 қараша 2019 11:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы науқанында «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп, осы аралықта тәртіп сақшылары 52 қылмысты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы биыл да өңірде дәстүрлі түрде өтті. Оның мақсаты – диқандарға көмек көрсетіп, астықтың, жағармайдың және ауыл шаруашылығы техникасы қосалқы бөлшектерінің ұрлығына тосқауыл қою.

Бұл кезеңде полицейлер негізгі күшті шаруашылықтарда жасалған ұрлықтарды ашуға, алдын алуға жұмылдырады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жүгі облыс жолдарында кедергісіз тасымалдануы үшін мобильді топ экипаждары күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады.

«Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары мен полицияның қызметтері арасында бірлесе жұмыс істеу механизмдері жақсы жолға қойылған. Нәтижесінде биыл аса ірі ұрлықтарға жол берлмеді. Ішіндегі «ең ірі ұрлық» деп Жамбыл ауданындағы оқиғаны айтуға болады. Қырманнан 2 тонна арпаның ұрланғаны туралы кәсіпкер аудандық полиция бөліміне арызданған еді», - дейді СҚО ПД криминалды полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Қырман иесі келтірілген шығынды 80 мың теңгеге бағалады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін 42 жастағы жергілікті тұрғынды агнықтады. Ол соңғы үш жыл бойы ауызша келісім бойынша қырманда көлік жүргізіп келген екен.

Ұрланған астық табылып, иесіне қайтарылды. Екі жақтың мәмілеге келуімен іс сотқа жеткен жоқ.

Жалпы, «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өңірде 52 қылмыс тіркелсе, соның 46-сы ашылды.

Жоғары қарай