Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

СҚО-да иіс тиген екі адам жансақтау бөліміне түсті

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 18:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында әйел мен оның қызына иіс тиіп, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Тимирязев ауданының орталығы Тимирязев ауылында болған. Таңғы 7.30-дар шамасында елдімекендегі №18 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне екі адамға иіс тигендігі жөнінде хабар түскен. Зардап шеккен 1973 жылы туған әйел мен оның 2009 жылы туған қызы аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, оқыс оқиға жеке тұрғын үйде болған. Улы газдың таралуына пештің түтіндігінің бітеліп қалуы себеп.

Қазір зардап шеккендердің өміріне келер қауіп жоқ, жағдайлары жақсы.

Осындай оқыс оқиғалар қайталанбауы үшін облыстың төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қарапайым сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.


Жоғары қарай