Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

СҚО-да кәсіподақ пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет меморандумға қол қойды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 22:14

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кәсіподақ ұйымдары қоғамдық індет – пара алумен күресте өз үлесін қосады. Бүгін кәсіподақ орталығы мен жемқорлыққа қарсы қызмет меморандум жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында өткен шараға облыстық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, «Жаңару» қоғамдық ұйымы өкілдері, ақпараттық-насихат штабының мүшелері қатысты.

Департамент басшысы Ернар Баянғазиннің пікірінше, сыбайлас жемқорлықпен күрес өз нәтижесін беруі үшін оған қоғам болып атсалысу қажет. Шешімін күткен мәселелер баршылық. Мәселен Қазақстан бойынша парақорлармен күресуге бар болғаны 1300-ден астам маман жұмылдырылған. Бұл аз. Ал азаматтық қоғам, соның ішінде кәсіподақ қолдау білдірген жағдайда олардың қатары артпақ. Өйткені СҚО бойынша мұндай ұйымдардың саны 1200-ден асады.




«Кәсіподақ ежелден құқық қорғау ұйымдарының санатында. Сол себепті біздің негізгі міндетіміз – азаматтардың еңбек құқығын күнделікті қорғау, еңбекақысының уақытында төленуін қамтамасыз ету, еңбекақыны төлеуде кемсітуге жол бермеу», - дейді аймақтық кәсіподақ орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев.

Кәсіподақ өкілдері қоғамдық кеңестердің құрамына кірген. Сондай-ақ азаматтар құқығының сақталуын қадағалайтын арнайы мониторинг топтарына, жұмыс комиссияларына, штабтарға мүше.

«Ең алдымен кәсіподақ - елеулі ресурстарға ие, қатысушылар саны көп және ең алдымен біздің қызметкерлеріміздің, қызметшілердің, барлық сала өкілдерінің мүддесін қорғайтын маңызды құрылым екенін түсіну керек. Одақтың мүддесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мүддесі сәйкес келетін қоғамның үлкен бөлігі», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департамент жетекшісі Ернар Баянғазин.





Жоғары қарай