Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

СҚО-да шетел азаматы экстремистік бағыттағы әдебиетті таратпақ болған

2019 жылдың 19 тамыз 2019 11:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері діни бағыт бойынша 17 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы құқық бұзушылықтың ішінде 13 факті заңсыз діни әдебиеттерді таратуға тиесілі. Осындай кітаптардың сатылатыны туралы хабарламалардың басым бөлігі интернеттен табылды.


Мәмлүт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы Қырғызстан азаматын жауапқа тартты. Оның көлігінен сот экстремистік деп таныған діни тақырыптағы кітаптар табылды.


«Құқық бұзушының айтуынша, ол бұл кітапты Қазақстанға әкелуге тыйым салынғанын білмеген. Дегенмен, заңды білмеген адам жауапкершіліктен босатылмайды. Тыйым салынған әдебиеттер тізімі ҚР Бас прокуратурасының сайтында бар», - деді экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Мұхамбетжанов.


Полицейлер діни кітаптарды жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бар арнайы дүкендерде ғана таратуға болатынын еске салды. Өңірде ондай дүкендер саны - 12.

Жоғары қарай