Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

СҚО-да синтетикалық есірткі тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

2019 жылдың 11 наурыз 2019 20:15

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға Ресейден синтетикалық есірткі тасымалдаған қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі контрабандасына және оларды Павлодар облысының аумағында сатуға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті», - делінген хабарламада.

2018 жылғы 1 маусымда Г. Закарадзені ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті радиоқабылдағышқа жасырылған 937 грамм «жылдамдық» деп аталатын «пиролидиновалерофенон» («пировалерон» психотроптық затының ұқсасы) синтетикалық есірткісін алу кезінде ұстаған болатын.

Тергеу барысында есірткі арнасының ұйымдастырушысы А. Маликов анықталып, ұсталды. Ол психотроптық заттарды Telegram мессенджері (700 жазылушысы бар «TURBO4АT» тобы) арқылы сатып келген.

«2019 жылы 7 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлімі 1 және 4-тармағы, 297-баптың 3-бөлімі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Г. Закарадзе
11 жылға, А. Маликов 12 жылға қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды», делінген хабарламада.

Жоғары қарай