Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

СҚО-да тұрғын үй қазандығы жарылды

2019 жылдың 17 наурыз 2019 21:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Аққайың ауданының орталығы Смирново елдімекенінде тұрғын үйдің қазандығы жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға наурыздың 16 күні күндізгі он бірлер шамасында болған. «Новостройка» тұрғын үй кооперативіне қарайтын Суворов көшесі, 73 мекенжайындағы 2 қабатты 18 пәтерлік екі үйдің бөлек тұрған қазандығы жарылған. Салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғаларына зақым келді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мамандардың айтуынша, отын-көмірмен жылытылатын қазандықтың, алдын ала болжам бойынша, салқындатқыш сұйықтығы қызып кетуі мүмкін.

Оқиға орнында төтенше жағдай бойынша аудандық бөлімнің мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеді. Ал 3,5 сағаттан кейін жылыту жүйесі қалпына келтірілді.

Жоғары қарай