Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

СҚО-да үй өртеніп, бір адам мерт болды

2019 жылдың 15 қазан 2019 11:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Боголюбово ауылында жеке үй өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше 14 қазан күні Қызылжар ауданындағы Боголюбово елді мекенінде болған. Өрт сөндіру қызметіне Звянин көшесіндегі 29 үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабар сағат 16.00 шамасында түседі.

Өрт сөндірушілер жетіп, іске кіріскенше шатыр опырылып құлады. Жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 10 адамы және екі арнайы техника жұмылдырылды. Оларға ерікті өрт сөндіру құрылымдары көмектесті. Шамамен бір сағаттан кейін өрт толықтай сөндірілді.

Өрт сөндірілген соң үйден 1947 жылғы ер адамның денесі табылды. Үйдің шатырына және жеңіл автокөлікке зақым келді.

Мамандардың болжамынша, өрт темекінің тұқылынан немесе сөндірілмеген сіріңкеден шығуы мүмкін.

Жоғары қарай