Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

СҚО-да Жеңістің 75 жылдығына орай майдангерлерге 300 мың теңгеден беріледі

2019 жылдың 24 желтоқсан 2019 14:55

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге бір реттік төлем – 300 мың теңгеден берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да қазіргі уақытта Екінші Дүниежүзілік соғыстың 68 ардагері бар. Жеңістің 75 жылдығын жоғары деңгейде атап өту үшін ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп жатыр. Түрлі мерекелік, қайырымдылық акциялар өткізілмек. Майдангерлер Мәскеуде және Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіс парадтарына қатысады деп жоспарланған.

«Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай майдангерлерге бір реттік төлем – 300 мың теңгеден беріледі. Былтыр оның мөлшері 252 мың теңге болған. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге 100 мың теңгеге дейін төленеді. Олардың саны – 603 адам. Бұған дейін 12,6 мың теңге берілген болатын. Тыл еңбеккерлеріне – 6 781 адамға 30 мың теңгеден төлем жасалады», - дейді СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев.

Оның сөзіне қарағанда, жақында «ҚР ардагерлері туралы» Заң қабылданбақ. Бұл заңда соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген жандарға көрестілетін жеңілдіктер тізімі ұлғаймақ. Сондай-ақ «еңбек ардагері» ұғымы енгізіледі. Заңда оларға тиісті жеңілдіктер, әлеуметтік кепілдеме мен мәртебені белгілеу және ардагер куәлігін беру механизмі көрсетіледі.

Мамандардың есебінше. Қазір облыста 139,5 мың адам зейнетақы мен жәрдемақы алады. Биыл оларға 125,9 млрд теңге төлем жасалған.

Жоғары қарай