Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

СҚО-лық ардагерлер Ресейге топырақ салынған капсула алып кетті

2019 жылдың 2 мамыр 2019 22:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметінің ардагерлері Ресейдегі 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің мемориалына туған жер топырағы салынған капсула алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстанның топырағы салынған металл капсула Ленинград облысы Кингисепп қаласындағы гранит ескерткіштің іргетасына салынады. Сол жерде 6-мамыр неміс-фашистік басқыншылардан Кингисепп қаласын азат етудің 75 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтеді.


null

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлерді еске алу және құрмет көрсету мақсатында әзірленген капсуланы ресейліктерге табыс ету құрметі СҚО ішкі істер органдарының екі ардагеріне бұйырды. Әскери қызметшілер бүгін Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясына арналған ескерткіш жанында капсуланы салтанатты жағдайда отставкадағы полковниктер Ақан Сыздықов пен Евгений Райтенбахқа табыстады.

Ескерткіш жанында мектеп оқушылары, ішкі істер органдары және басқа да ведомстволардың ардагерлері, сондай-ақ аталары мен әкелері сұрапыл соғысқа қатысқан жандар жиналған митинг өтті.

«41-ші жылдың тамызында Петропавлда Екінші д.ниежүзілік соғыс тарихында ерекше із қалдырған 314-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Бүгін бізге батырларымызды құрметпен еске алу үшін жерлестеріміз ерлікпен қорғаған қалаға жол тартудың сәті түсті. Біз қасиетті миссияны абыроймен атқаруға сөз береміз», - деді Әкімшілік полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Евгений Райтенбах.

Жиналғандар монументке гүл шоқтарын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бейбітшілік үшін соғысқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.




null




null

Жоғары қарай