Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

СҚО-ның делегациясы Ленинград облысына туған жердің топырағы салынған капсуланы апарады

2019 жылдың 25 қазан 2019 08:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Ленинград облысында майдан даласында табылған жауынгерлер сүйегін қайта жерлеу рәсіміне қатысу үшін жол жүреді. Олар туған жердің топырағы салынған арнайы капсуланы ала бармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей Федерациясының Ленинград облысының Свирьстрой қалалық қонысының маңында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 55 қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды. Оны «Еске алу вахтасына» қатысып, осы арада қазба жұмыстарын жүргізген «Переправа» іздеу отряды қазып алған болатын.




Бұл жауынгерлердің Петропавлда 1941 жылы құрылған 314 атқыштар дивизиясы құрамында соғысқандығы анықталды. Олардың оннан астамы майданға Солтүстік Қазақстан облысынан шақыртылған екен. Жауынгерлердің аты-жөні, туған жері жазылған құжаттар табылды. 26 қазан күні Ленинград облысында табылған жауынгер сүйектері қайта жерленбек. Аза тұту рәсіміне қатысу үшін, жауынгерлердің зиратына туған жердің топырағын салу үшін СҚО-дан арнайы делегация барады.




«Ленинград облысының Свирьстрой елді мекенінің маңында қанды ұрыстар болғаны белгілі. Жаумен шайқасып, Отан үшін соғысқандардың қатарында жерлес жауынгерлер көп болған. Табылған 55 адамның 10-ының біздің өңірден екені анықталды», - дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Делегация құрамына жауынгерлердің туыстары, ардагерлер кеңесінің мүшелері кірген. Петропавлдағы 314 атқыштар дивизиясы ескерткішінің маңына жиналған халық оларды жолға салтанатпен шығарып салды.










Жоғары қарай