Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

СҚО-ның құтқару қызметі жаңа заманауи техникамен толықты

2019 жылдың 17 қазан 2019 21:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Құтқарушылар күніне орай арнайы техниканың көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне бюджеттен 640 млн теңге қаражат бөлініп, жаңа техника алынды. Мұндай қомақты сома құтқару қызметіне араға біраз жыл салып алғаш бөлініп отыр. Жол талғамайтын көлік, суда сүңгу жарақтары, өртті сөндіруге және апаттан құтқаруға арналған техника – мұның бәрі Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған көрмеге қойылды. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысып, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге арналған жаңа техниканың көрмесін аралады. Өңір басшысы жылдам әрекет ету қызметтерін мерекемен құттықтап, олардың жұмысына оң бағасын берді.

«Облыста 700 мың гектар орман алқабы бар. Бізге бұл байлықты қорғау керек. Көктемгі тасқын кезінде құтқарушылар жылдам әрекет етулері тиіс. Ол үшін жол талғамайтын заманауи техника керек. Осы мақсатқа биыл 9 техника сатып алдық. Сондай-ақ құтқарушыларға қажет жабдықтар алынды. Жаңа техника төтенше жағдай кезінде шұғыл қимылдауға мүмкіндік бермек. Соңғы екі жылда 10 өрт сөндіру машинасын алдық», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының айтуынша, жақында Петропавлда жаңа өрт сөндіру депосы салынбақ. Ол болашағы зор - «Береке» ықшам ауданында тұрғызылады. Бұл қаланың шеткі аудандарында жылдам қимылдауға мүмкіндік етпек.







Жоғары қарай