Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

СҚО-ның Уәлиханов ауданында су тасқынының алдын алу үшін жедел штаб құрылды

2019 жылдың 31 наурыз 2019 17:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы екі ауылға тасқын судан қауіп төнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешеден бері Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жылдағы мөлшерден артық көлемде су жіберіліп жатыр. Соның салдарынан Сілеті өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Яғни су тасуы мүмкін. Уәлиханов ауданындағы Қаратал және Қулыкөл ауылдары су жайылуы мүмкін аумақта орналасқан.

Осыған байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов Уәлиханов ауданында жүр. Тасқын судың алдын алу үшін іс-шаралар қолға алынып, өңір басшысының жетекшілігімен жедел штаб құрылды.



null

Жергілікті билік тұрғындардың денсаулығы мен өміріне және олардың мал-мүлкіне зиян келмеуі үшін су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.




null

Жоғары қарай