Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

СҚО полицейлері Арыста зардап шеккендерге 7 млн теңге аударады

2019 жылдың 25 маусым 2019 23:16 464

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Түркістан облысының Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге қаражат жинауды қолдады.

«Бұл күндері еліміз осындай төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен қандастарымыздың өмірі үшін алаңдауда. Біз кез келген көмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау  көрсетуді азаматтық борышымыз деп санаймыз», - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Полиция бөліністерінің бастықтары біркүндік жалақыларын аударады. Жеке құрам да арыстықтарға қол ұшын созуға дайын. Шамамен 7 млн теңге зардап шеккендердің есепшотына аударылмақ.

 

 

 

Жоғары қарай