Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

СҚО тұрғыны үйінде сирек кездесетін құстарды өсіреді

2019 жылдың 16 маусым 2019 10:17 774

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Василий Старков үйінде сирек кездесетін құстарды өсіріп, баптаумен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Преснов елдімекенінің тұрғыны Василий Старковтың құс қорасында кептердің ғана сирек кездесетін 5 түрі бар. Құс өсірушінің айтуынша, қазір әлемде көгершіннің мыңнан астам түрі өсіріледі. Олардың барлығы жабайы кептерден бастау алады. Ал, оның кептерлерінің әрқайсысы бір қойдың құнына тең. Мәселен салпықанат деп аталатын түрі бүгінде көрмелердің сәніне айналған.

«Салпықанаттың ерекшелігі кеудесі көтеріңкі және тұқымның түріне қарай құйрығында бірнеше бағыттауыш қауырсыны бар. Көзі ашық, әдемі. Пішіні, тұлғасы келісті. Салпықанат кептерлер 1975 жылы көрмеде алғаш рет бірінші орын алып, әлемге танылды», - дейді Василий Старков.


null 

Василий Старков көгершін өсірумен алты жасынан бастап айналысып келеді. Асыл тұқымды құсты өсіріп қана қоймай, көбейтеді де. Салпықанат кептер бір маусымда алты балапан шығарады. Оның айтуынша, «құстың сүті» аңыз емес. Көгершіндер жаңа туған балапандарын бір апта бойы өз сүтімен асырайды екен.

Жалпы орнитолог мамандардың сөзіне қарағанда, ағзасынан сүт бөлетін құстар табиғатта санаулы ғана. Олар - қайшыауыз торғай, император пингвині мен фламинго.«Көгершіннің басқа құстардан ерекшелігі - ол жаңа шыққан балапанын бір апта құс сүтімен асырайды. Көгершін сүті біз көріп жүргендей сұйық емес, ірімшік секілді болады. Және ол асқазанынан бөлінеді. Жаңа шыққан балапандарды аталық кептерлер де «сүт» бөліп асырайды», - дейді тәжірибелі кептерші.



null 

Үй құсының бұл түрін күтіп баптау жеңіл. Бұршақ, тары, зығыр - дәнді дақылдардың қайсы болсын азық ретінде жарай береді. Қазір өңірде жүздеген кептер өсіруші бар. Алайда олардың арасында жастар жоқ, декоративті көгершін өсіру - әзірше орта жастағылардың ғана қызығушылығын тудыруда.



null 

Василий Старковтың құс қорасында кептерлерден басқа бөденелер, сәндік тауықтың 4 түрі бар. Бес жыл бұрын Алматыдан тауыстың жұбын әкелсе, биыл бұл құс алғаш рет жұмыртқа басқан. Ал жақында құс өсіруші олардың қатарына қырғауыл әкеп қоспақшы.



null 

null 

 

 

Жоғары қарай