Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

«Smart Astana» мобильдік қосымшасында отандық радиоларды тыңдауға болады

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Smart Astana» мобильдік қосымшасы арқылы енді қазақстандық радиоларды тыңдауға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өз телефоныңызда музыканы тегін тыңдағыңыз келе ме? Енді ол «Smart Astana» мобильдік қосымшасында қолжетімді. Оған ең танымал төрт радио енді. Олар – Қазақ радиосы, «Classic» радиосы, «Шалқар» радиосы және «Астана» радиосы», - деп жазды М.Бектұрова Telegram-да.

Айта кетейік бүгінде «Smart Astana» мобильдік қосымшасында 70-тен астам сервис пен қызмет түрлері ұсынылған. Олардың арасында ең көп сұранысқа ие функциялар - дәрігер қабылдауына жазылу, әкімшілік айыппұлдар мен заңбұзушылықтарды тексеру, еңбекке жарамсыздық парағының түпнұсқалығын, түрғын үй кезегін, көліктің техникалық бақылауына қатысты мәліметтерді көру.«Бұдан бөлек, осы платформада қайырымдылық жобасына ақшаны жылдам және қауіпсіз аударуға болады. Яғни, краудфандингілік платформа ашық», - дейді әкім орынбасары.




Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920