Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Солтүстік Ирландияда сот ғимараты алдында автомобильді жарып жіберді

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 11:01 928

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Солтүстік Ирландияда Лондондерри орталығындағы сот ғимаратының алдында тұрған автомобиль жарылды. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлайды.

 

Өртке оранған автомобильдің фотосуретін жариялаған полиция көлікке бомба қойылған болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.

Солтүстік Ирландия жергілікті полиция басқармасы Facebook-те жарылыстан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Біздің білуімізше, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Полиция жуық маңдағы үйлердің тұрғындарын уақытша қауіпсіз жерге шығуға шақырып жатыр, өйткені тағы бір автомобиль күдікке «іліккен». Алайда, тексеріс кезінде автомобильдің «таза» екені анықталды.

Оқиғаның себептері әзірге белгісіз. Сонымен қатар елдің ішкі істер министрі Саймон Коувени Twitter парақшасында болған оқиғаны «теракт» деп атады.

 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай