Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Солтүстік Қазақстанда қыз бен жігіт орманда асылып қалды

2019 жылдың 8 қараша 2019 22:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Ленин ауылының маңындағы орманнан асылып тұрған қыз бен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы колледждің 16 жасар студенті және Талшық ауылының 23 жастағы тұрғыны өздеріне қол жұмсаған.

«Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан қыз бен жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Олар хатты туыс-туғандарына арнап жазған. Сонымен бірге орманда жігітке тиесілі ВАЗ-2109 автокөлігі де болды» деп мәлім етті полиция департаментінен.

Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жоғары қарай